Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

MNU-дегі дөңгелек үстел: Зияткерлік меншік саласындағы білім берудің келешегі

30 мамыр, 2025

2025 жылғы 30 мамырда Maqsut Narikbayev University (MNU) базасында «Зияткерлік меншік саласындағы білім беру: мүмкіндіктер мен келешек» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» мамандығы бойынша алғашқы магистрлерді бітіру қарсаңында ұйымдастырылып, Астана халықаралық форумы аясында ҚР Әділет министрлігі өткізген панельдік сессияның қисынды жалғасы болды.

Талқылауға LL.M бағдарламасының магистранттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, академиялық қауымдастық пен Qazpatent қызметкерлері қатысты.

MNU провосты Сергей Пен модератор ретінде сөз алып, зияткерлік меншік саласындағы мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері мен болашағына бағытталған маңызды сұрақтар қойып, пікірталасқа бағыт берді. Дөңгелек үстелдің негізгі спикерлерінің бірі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдер департаментінің директоры Хабип Асан болды.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – MNU, WIPO, ҚР Әділет министрлігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп әзірлеген бірегей магистрлік бағдарламаның дамуы болды. Аталған бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеді: Qazpatent-тің бес қызметкері алғашқы түлектер қатарында сәтті тәмамдап, ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайтты.

Айта кетейік, WIPO-мен бірлескен осындай магистрлік бағдарламалар Аргентина, Болгария, Зимбабве, Үндістан, Испания, Италия, Камерун, Қытай, Польша, Сауд Арабиясы, Сингапур, Тунис, Түркия және Оңтүстік Корея елдерінде де жүзеге асырылып жатыр.