Ұлттық зияткерлік меншік институты
2025 жылғы 28 мамырда Астана халықаралық форумына қатысу шеңберінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Танг Qazpatent кеңсесіне ресми сапармен келді.
ДЗМҰ делегациясының құрамында сондай-ақ:
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевпен екіжақты кездесу өтті. Талқылауға сондай-ақ Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасы Шолпан Әбдіреева, Qazpatent директоры Сәбит Ахметов және Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев қатысты. Тараптар Қазақстандағы зияткерлік меншік саласындағы қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ ДЗМҰ-мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Дарен Танг Qazpatent қызметімен танысып, институттың негізгі құрылымдық бөлімшелерін аралап, ұжыммен кездесті.
Сапардың жарқын сәттерінің бірі — кеңсе фойесінде орналасқан ақ рояльда Танг мырзаның музыкалық импровизациясы болды. Сапар соңында естелік фотосессия өтті.
ДЗМҰ Бас директорының сапары Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы арасындағы өзара сенім мен әріптестіктің жоғары деңгейін және оның одан әрі нығая түсетінін білдіретін маңызды оқиға болды.
Дарен Танг құрметті қонақ ретінде қатысатын Астана халықаралық форумы аясындағы “Intellectual Property in the Era of AI” атты панельдік сессия 2025 жылғы 29 мамырда өтеді.