Ұлттық зияткерлік меншік институты
2025 жылғы 19–21 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында құқықтық реттеу және құқық саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылауға арналған ең ірі халықаралық алаңдардың бірі — XIII Петербург халықаралық құқықтық форумы (ПХҚФ-2025) өтті.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев бастаған ресми делегация құрамында Qazpatent – Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Сәбит Ахметов форум жұмысына қатысты.
Форум аясында Еуразиялық патент ұйымының Еуразиялық патент ведомствосы (ЕАПВ) Президенті Григорий Ивлиевпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ЕАПВ мен Қазақстан ведомствосы арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға қатысты ұсыныстармен алмасты.
2025 жылғы 21 мамырда Сәбит Ахметов «Зияткерлік меншік құқығы: жаһандық сын-қатерлер, даму үрдістері және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы панельдік пікірталас аясында баяндама жасады. Өз сөзінде ол цифрландыру дәуірінде әлемдік қауымдастық тап болып отырған негізгі сын-қатерлерді атап өтіп, Qazpatent-тің ағымдағы және алдағы кезеңдерге арналған стратегиялық басымдықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласындағы жаһандық өзгерістерге тиімді әрекет ету үшін халықаралық диалог пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына ерекше назар аударды.