Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide

Qazpatent филиалында «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау» семинары өтті

12 наурыз, 2025

2025 жылғы 12 наурызда Алматыда Qazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған "Зияткерлік меншік объектілерін қорғау" семинары өтті. Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы сарапшыларды, бизнес қоғамдастығы, ғылыми ұйымдар мен заң компанияларың өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз өнертапқыштар мен кәсіпкерлерді жинады.

Семинарды Qazpatent филиалының директоры Орынбекова Зaуре алғы сөзімен ашып, инновациялық экономиканы дамыту үшін зияткерлік меншікті қорғаудың тиімді жүйесінің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында патенттеу, халықаралық құқықтарды қорғау, тауар таңбаларын тіркеу және авторлық құқықтың негізгі аспектілері талқыланды. Спикерлер практикалық ұсыныстармен бөлісті, өзекті кейстерді талдап, зияткерлік меншік саласындағы заманауи сын-қатерлерді атап өтті. Халықаралық патенттеу және құқық қолдану практикасы мәселелеріне, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін тіркеу процесін едәуір жеңілдететін электрондық өтінім беру жүйелерін пайдалануға ерекше назар аударылды. Семинардың практикалық бөлігі қатысушыларға теориялық білім алуға ғана емес, сонымен қатар өтінімдерді дайындау мен берудің нақты мысалдарын зерделеу арқылы оларды іс жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында сұрақтар мен жауаптар сессиясы өтті, оның барысында сарапшылар өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, зияткерлік құқықтарды қорғау бойынша ұсыныстармен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Qazpatent филиалы спикерлер мен қатысушыларға белсенді қызығушылық пен сындарлы диалог үшін алғыс білдіреді. Мұндай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға және еліміздің инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.