Ұлттық зияткерлік меншік институты
4 ақпанда Qazpatent грант алушылар, ғалымдар мен «Ғылым қоры» АҚ қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар шеңберінде өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, Патенттік кооперация (РСТ) туралы шарт шеңберінде халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенцияға сәйкес өнертабыстарды өңірлік патенттеу, өнеркәсіптік меншікті объектілерге құқықтарды пайдалану, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау мәселелері талқыланды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.