Ұлттық зияткерлік меншік институты
27 ақпанда Qazpatent Сот сараптамалары орталығы және Сот сарапшылары Республикалық Палатасының сарапшылары үшін «Даралау құралдарының араласу дәрежесіне ұқсастықты анықтау» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында тауар белгілерін тіркеу және тауар белгілерінің ұқсастығын анықтау мәселелері қарастырылып, сондай-ақ қатысушылар тауар белгілері мен даралау құралдарының дәрежеде шатастыратындай ұқсастығын тану жөніндегі сот тәжірибесін талқылады.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.