Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Qazpatent пайдалы модельге 10000-шы патент берді: жаңа межеге қол жеткізу және Қазақстанның инновациялық әлеуетін нығайту

27 желтоқсан, 2024

10000-шы патент «Жалын» ҒӨТО» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі иеленуші болып табылатын пайдалы модельге берілді. Пайдалы модельдің атауы – «Жаңа туған бұзаулардың диареясын емдеу және алдын алу үшін сарысуды алу тәсілі». Аталған әдіс ветеринария саласындағы өзекті проблеманы шешуге бағытталған, бұл қазақстандық ғалымдар мен инженерлердің жоғары стандарттарын растайды.

Пайдалы модельдерге 10000 патент белгісіне қол жеткізу Қазақстанда зияткерлік меншіктің табысты дамуының маңызды индикаторы болып табылады. Бұл жетістік Жаһандық инновациялық индекс (ЖИИ) контекстінде аса маңызды мәнге ие, мұнда ол Қазақстанның жаһандық инновациялық саладағы ең мықты үш көрсеткішінің бірі ретінде қарастырылады. ЖИИ-2024 сәйкес, «Сатып алу қабілетінің паритеті жөніндегі жалпы ішкі өнімнің көлемі бойынша млрд долларға ұлттық патенттік органға берілген пайдалы модельге патенттік өтінімдердің саны» көрсеткіші бойынша Қазақстан 10-шы орынға ие болды, бұл өнертапқыштық белсенділіктің және экономикаға инновациялық технологияларды енгізудің жоғары деңгейін көрсетеді (2023 жылғы деректер).

Көбінесе «қысқа мерзімді патенттер» деп аталатын пайдалы модельдер біртіндеп инновацияларды ынталандыруда шешуші рөл атқарады. Көптеген жылдар бойы пайдалы модельдер машина жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және экологиялық таза технологияларды қоса алғанда, әртүрлі салалардағы өнертабыстарды қорғаудың тиімді құралы болды.

Бұл белгіге қол жеткізу Қазақстанның инновациялар мен технологиялар саласындағы өңірлік көшбасшы болуға бейілділігінің айғағы болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы пайдалы модельдерге патенттердің негізгі үлесі Тұрақты даму мақсаттарын тікелей қолдайтын бағыттармен байланысты:

  • Энергетика және жаңартылатын энергия көздері (ТДМ 7 және 13): патенттердің едәуір бөлігі энергия тиімділігін арттыруға және жаңартылатын ресурстарды пайдалануға бағытталған әзірлемелерге арналған.
  • Агроөнеркәсіптік кешен (ТДМ 2): бірқатар патенттер су ресурстарын басқару және дақылдардың тұрақтылығын жақсарту саласындағы инновацияларға бағытталған.
  • Денсаулық сақтау және биотехнология (ТДМ 3): фармацевтика, медициналық техника және биотехнология саласындағы патенттер санының өсуі байқалады.
  • Өнеркәсіп және инфрақұрылым (ТДМ 9): тиімді өндірістік процестерді құруға және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған инженерлік шешімдер патенттік қызметтің маңызды бағыты болып табылады.

Пайдалы модельдер мен Qazpatent қызметтері туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің ресми сайттағы "ЗМ объектілері" бөліміне өтіңіз: https://qazpatent.kz/kz/ip-objects/utility-model/general-information/pajdaly-model-degenimiz-ne.

Qazpatent өнертапқыштарды қолдауды жалғастыра отырып, патенттеу үдерістерін жетілдіру, зияткерлік меншік құқықтары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық арқылы елдің ЗМ нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.