Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide

ТИҚО үйлестірушілері қоғамдық игіліктегі өнертабыстарды пайдалану және жаңа өнімдер әзірлеу бойынша ДЗМҰ құралдар жинағының іске қосылуына арналған іс-шараға қатысты

13 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 12 желтоқсанында Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) штаб-пәтерінде, Зияткерлік меншік және даму жөніндегі комитеттің (CDIP) 33-сессиясы аясында қоғамдық игіліктегі өнертабыстарды пайдалану және жаңа өнімдер әзірлеу бойынша ДЗҰ құралдар жинағының іске қосылуына арналған іс-шара өтті. Астана уақытымен сағат 17:30-де Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) үйлестірушілері іс-шараға онлайн форматта қатысты.

Іс-шара бағдарламасы аясында ДЗМҰ-ның Инноваторларға арналған зияткерлік меншік департаментінің (IPID), Зияткерлік меншік және инновациялық экожүйелер секторының аға директоры Алехандро Рока Кампанья кіріспе сөз сөйлеп, жобаның қысқаша мазмұнын ұсынды.

Астана уақытымен 17:40-тан 18:50-ге дейін құралдар жинағы мен оқу пакеті бойынша негізгі аспектілер таныстырылды. Баяндамашылар:

  • Лия Спесер, Білім беру және коммерцияландыру бойынша аға кеңесші, Кипрдің Ғылым және инновациялар қоры, Никосия қаласы, Foresight Science & Technology компаниясының директорлар кеңесінің төрайымы, Хопкинтон, Массачусетс, АҚШ;
  • Арендт Спесер, Foresight Science & Technology компаниясының бас директоры, Рим, Италия.

Баяндамашылар жаңа құралдар жинағы ұсынатын практикалық тәсілдер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл құралдар зерттеушілерге, өнертапқыштарға, кәсіпкерлерге және технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарына қоғамдық игіліктегі өнертабыстарға негізделген жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және оларды нарыққа шығару үдерісін жүйелеуге көмектеседі.

ТИҚО үйлестірушілері бұл құралдар жинағы ұлттық желілердің әлеуетін нығайтуға арналған маңызды ресурсқа айналатынын атап өтті.

Іс-шара жазбасы мен презентация материалдарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://webcast.wipo.int/video/OTHER_WIPO_TOOLKIT_1_2024-12-12_PM_124184 .

Құралдар жинағы мына мекенжай бойынша қолжетімді: https://www.wipo.int/tisc/ru/inventions-public-domain.html .