Ұлттық зияткерлік меншік институты
2024 жылғы 21 қарашада маңызды оқиға – оныншы мерейтойлық «Жас өнертапқыш мектебі» өтті. Биыл іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылып, робототехника және автоматтандыру саласындағы шығармашылық ғылыми-техникалық жобалардың оқушылары, мұғалімдері, менторлары мен тәлімгерлері қатысқан KazRoboProject байқауының қатысушыларын біріктірді.
Іс-шараны ҚР ӘМ ЗМҚК «ҰЗМИ» РМК Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева ашты. Өзінің презентациясында ол Казпатенттің қызметі, негізгі функциялары және Қазақстандағы өнертапқыштық пен инновацияларды қолдаудағы рөлі туралы айтып берді.
Авторлық құқық басқармасының басшысы Раушан Аввалова дәріс оқып, Қазақстан Республикасындағы авторлық құқықты тіркеу процесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, оның жас өнертапқыштар мен олардың тәлімгерлері үшін маңыздылығын атап өтті.
«Жас өнертапқыш мектебі» жобасы 2020 жылдың ақпан айында «Волонтер жылы» аясында бастау алған. Оның мақсаты – жастардың зияткерлік меншік (ЗМ) құндылығы мен маңыздылығын түсінуін қалыптастыру. Төрт жыл ішінде бұл жоба өзін зияткерлік меншік негіздері бойынша кіріспе дәрістерді, практикалық сабақтар сериясын, викториналарды, интерактивті ойындарды, патенттеу тәжірибесі бар жас өнертапқыштармен кездесулерді қамтитын тиімді білім беру алаңы ретінде көрсетті. Сондай-ақ, жоба аясында ҚР ӘМ ЗМҚК «ҰЗМИ» РМК ұйымдастыратын жоғары сынып оқушыларына арналған республикалық байқаулар туралы ақпарат беріледі.
«Жас өнертапқыш мектебі» ведомство алаңында да, онлайн форматта да өткізіледі, бұл Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қатысушыларға білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
«KazRobotics» федерациясының президенті Айжан Жакееваға аудиторияны қамтамасыз еткені және эфирді сәтті ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.
Мерейтойлық іс-шара жас өнертапқыштарды қолдау мен Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтудағы кезекті қадам болды.
Эфир жазбасына сілтеме: https://youtu.be/oYLJFxH5kGo