Оқиғалар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide
slide

Qazpatent VIII «Жас өнертапқыш мектебі» аясында эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттады

21 желтоқсан, 2023

21 желтоқсанда VIII «Жас өнертапқыш мектебі» аясында оқушылар арасында «Жасанды интеллектті дамыту дәуіріндегі зияткерлік меншіктің рөлі» тақырыбында үздік эссе бойынша республикалық байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға елордалық оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар арасынан 60-қа жуық қатысушы қатысты.

Qazpatent директорының орынбасары Айша Жұмабековаға вице-министр Ботагөз Жақселекованың қолы қойылған грамоталар мен жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді: бірінші орын, екі екінші және үш үшінші орын. Сонымен қатар, байқаудың 10 қатысушысы Qazpatent директоры Ербол Оспановтың грамотасымен және естелік кәдесыйларымен марапатталды. Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында жарияланды.

Конкурсқа қатысушылардың алдында Qazpatent қызметі туралы қысқаша шолумен даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева сөз сөйледі. Инкара Төлеутайқызы оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өскелең ұрпаққа патенттік мәдениет негіздерін сіңіру мақсатында ведомство жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сондай – ақ, арнайы қонақ - «International Center for Scientific Collaborations» Президенті Лаззат Құсайынова «Ғылымдағы балалар» жобасының 2022-2023 жылдардағы іске асырылу қорытындылары туралы баяндама жасады. Лаззат Абаевна тыңдаушыларға жоба аясында қазақстандық оқушылар бес халықаралық ғылыми конкурсқа қатысып, 11 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алғанын, сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспарларын жариялағанын айтты.

Қатысушылар зияткерлік меншік бойынша интерактивті викторинаға қатысты, бұл жастардың осы салаға деген қызығушылығын тудырды. Іс-шараның ең белсенді қатысушылары қатысқандары мен белсенділіктері үшін алғыс ретінде естелік сыйлықтармен марапатталды.