Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

24, 25, 26 сәуірде «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбы бойынша «ҰЗМИ» РМК филиалында семинар өтеді.

03 сәуір, 2019

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" филиалында 2019 жылдың 24, 25, 26 сәуірінде "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау"тақырыбында оқыту семинары өтеді.

Аталған семинар зияткерлік меншік объектілерін, атап айтқанда өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер мен селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғауға арналған.

Семинарға іс-шараға бизнес құрылымдардың өкілдері, отандық өндірушілер мен мүдделі тұлғалар шақырылады.

Семинар жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

  • ҚР өнертабыс объектілерін және пайдалы модельді құқықтық қорғау;
  • патенттік ақпарат және құжаттама. Ақпарат көздері;
  • техника деңгейін анықтау және мәлімделген өнертабыстың жаңалығын тексеру үшін ақпараттық іздеу;
  • өнертабысқа және пайдалы модельге өтінім беру рәсімі;
  • Патенттік кооперация туралы шарт негізінде РСТ халықаралық өтінімін беру.
  • Еуразиялық өтінімді беру;
  • селекциялық жетістікті құқықтық қорғау;
  • өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау; өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот практикасы;
  • авторлық құқық негіздері;
  • зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру және айрықша құқықтарды рәсімдеу;
  • зияткерлік меншік объектілеріне өтінімді электронды түрде беру.

Семинардың басталуы 24 сәуір 2019 жыл сағат 10.30.

Семинар сертификат берумен ақылы негізде өтеді.

Бір адамға семинар құны 16 485 теңгені құрайды.

Семинарға барлық мүдделі тұлғаларды шақырамыз!

Өтетін орны: Алматы қ., Абдуллиндер к-сі, 6/1 (Жібек жолы к-сінің бұрышы).

Семинарға қатысты сұрақтар бойынша "ҰЗМИ" филиалының Оқу орталығына 8 (727) 344-30-00, 344-30-15 немесе Email арқылы хабарласуға болады: edu.center@kazpatent.kz.

rus-kaz_programma_242526_aprelya_2019.docx