National Institute of Intellectual Property
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" филиалында 2019 жылдың 24, 25, 26 сәуірінде "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау"тақырыбында оқыту семинары өтеді.
Аталған семинар зияткерлік меншік объектілерін, атап айтқанда өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер мен селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғауға арналған.
Семинарға іс-шараға бизнес құрылымдардың өкілдері, отандық өндірушілер мен мүдделі тұлғалар шақырылады.
Семинар жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:
Семинардың басталуы 24 сәуір 2019 жыл сағат 10.30.
Семинар сертификат берумен ақылы негізде өтеді.
Бір адамға семинар құны 16 485 теңгені құрайды.
Семинарға барлық мүдделі тұлғаларды шақырамыз!
Өтетін орны: Алматы қ., Абдуллиндер к-сі, 6/1 (Жібек жолы к-сінің бұрышы).
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша "ҰЗМИ" филиалының Оқу орталығына 8 (727) 344-30-00, 344-30-15 немесе Email арқылы хабарласуға болады: edu.center@kazpatent.kz.
rus-kaz_programma_242526_aprelya_2019.docx