National Institute of Intellectual Property
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК (бұдан әрі – ҰЗМИ РМК) барлық мүдделі тұлғалардың назарына қазақстандық өтініш берушілерге ҰЗМИ РМК арқылы өнеркәсіптік үлгілерге Еуразиялық патенттер беруге өтінімдер беру мүмкіндігі ашылғанын жеткізеді. Зияткерлік меншік объектілеріне (бұдан әрі-ЗМО) өтінім беру кезінде жеке кабинетке кіру және ЗМО – өнеркәсіптік үлгіні таңдау арқылы өтінім түрін, яғни Еуразиялық үлгіні таңдау мүмкіндігі ұсынылады.