Announcements

National Institute of Intellectual Property

Жоғары сынып оқушыларына арналған XVIII Халықаралық зияткерлік меншік Олимпиадасы басталды

13 January, 2026

Құрметті жоғары сынып оқушылары мен мектеп, лицей, гимназия және колледж түлектері!

Сіздерді жоғары сынып оқушыларына  XVIII Халықаралық зияткерлік меншік Олимпиадасына қатысуға шақырамыз

(Олимпиаданың ұйымдастырушысы – Ресей Федералдық зияткерлік меншік қызметінің (Роспатент), Еуразиялық патенттік ұйымның және ТМД Атқару комитетінің қолдауымен Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясы).

Олимпиадаға қатысу – өзіңіздің шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетуге, құқықтық сауаттылығыңызды арттыруға және зияткерлік меншік (ЗМ) саласында жаңа білім алуға тамаша мүмкіндік.

Олимпиадаға жалпы білім беретін ұйымдардың жоғары (10-сынып) және бітіруші (11-сынып) сынып оқушылары, сондай-ақ кәсіптік білім беру ұйымдарының, колледждер мен училищелердің түлектері қатыса алады.

Олимпиаданың өткізілу мерзімдері:
I кезең (2025 жылғы 15 қарашадан 2026 жылғы 1 сәуірге дейін) – РМЗМА сайтында зияткерлік меншік бойынша онлайн-тестілеу: https://olimpiada.rgiis.ru/.
II кезең (2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 сәуірге дейін) – зияткерлік меншік тақырыбы бойынша жазбаша жұмыстар мен бейнежобалардың сырттай байқауы.
III кезең (2026 жылғы 26 сәуір) – I және II кезеңдердің қорытындысы бойынша финалистерді анықтау.
IV кезең (2026 жылғы 1 маусым) – финалистердің жұмыстарын қорғау (онлайн форматта қатысу мүмкін).

Жеңімпаздар, жүлдегерлер және финалистер Олимпиада серіктестерінен дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болады, сондай-ақ 2026 жылы РМЗМА-ға түсу кезінде жеке жетістіктері үшін қосымша балл алады.

Жоба туралы толық ақпарат Олимпиаданың ресми сайтында орналастырылған: https://olimpiada.rgiis.ru  (қатысу мәселелері бойынша пошта: olimpiada@rgiis.ru).