News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide

Алматыда Qazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтті

10 December, 2025

2025 жылдың 10 желтоқсанында Алматыда Qazpatent филиалының Оқу орталығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараға ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері, зияткерлік меншік саласының мамандары, инженерлер, студенттер, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Qazpatent филиалының директоры Зәуре Орынбекова құттықтау сөз сөйлеп, патенттеу мәдениетін дамытудың және өтініш берушілердің өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау тетіктері туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бағдарламаның бірінші бөлімінде спикер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен халықаралық келісімдерге шолу жасап, патенттік құжаттама стандарттары мен патенттік ақпараттың ерекшеліктерін түсіндірді.

Семинардың екінші бөлімінде Qazpatent филиалының сарапшылары патенттелетін объектілердің санаттарын, жекелеген техникалық шешімдердің ерекшеліктерін және құқықтық қорғаудан тыс қалатын жағдайларды жан-жақты қарастырды. Қатысушылар сондай-ақ патенттелу критерийлерімен, өтінімдерді сараптау кезеңдерімен, патенттік құқықтарды қорғау рәсімдерімен және патенттің жарамсыз деп танылу процесімен танысты.

Қатысушылар бағдарламаның практикалық бағытын және сарапшылардан нақты кәсіби сұрақтарға жауап алу мүмкіндігін атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Qazpatent филиалы барлық қатысушылар мен спикерлерге Қазақстандағы зияткерлік меншік мәдениетін дамытуға қосқан белсенділіктері мен үлестері үшін алғыс білдіреді.