National Institute of Intellectual Property
Беларусь Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі ұлттық орталығы 2024–2025 оқу жылында жастар арасында зияткерлік меншік саласындағы ең үздік жұмысқа байқау жариялады.
Байқаудың мақсаты – зияткерлік меншік саласындағы ғылымды танымал ету, ал ұсынылатын байқау жұмыстарының тақырыптары зияткерлік меншікті қорғау, сақтау және басқару мәселелерін қамтиды.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
• «Зияткерлік меншік саласындағы үздік магистрлік диссертация»;
• «Зияткерлік меншік саласындағы үздік дипломдық жұмыс»;
• «Зияткерлік меншік саласындағы үздік курстық жұмыс»;
• «Зияткерлік меншік саласындағы үздік мақала»;
• «Зияткерлік меншік саласындағы үздік эссе»;
• «Зияткерлік меншік саласындағы тәжірибелік маманның үздік жұмысы».
Байқауға 35 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «Қазіргі әлемдегі зияткерлік меншік: уақыттың сын-қатерлері және даму перспективалары» атты V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтеді.
Байқау және байқау жұмыстарының ресімделуі туралы толық ақпарат ҰЗМО сайтының келесі сілтемесінде орналастырылған:
https://www.ncip.by/uslugi-i-informaciya/obuchenie/konkurs-rabot/
Өтінімдер 2025 жылғы 20 қыркүйекке дейін қабылданады.