National Institute of Intellectual Property
Құрметті қатысушылар!
Qazpatent филиалы Сіздерді 2025 жылғы 28 мамырда Алматы қаласында өтетін "Тиімді патенттік іздеу және зерттеу" тақырыбындағы бір күндік оқыту семинарына қатысуға шақырады.
Семинар зияткерлік меншік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Іс-шара аясында қатысушылар патенттік іздеуді жүзеге асыру, патенттік ақпаратты талдау және патенттік зерттеулерді рәсімдеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болады. Бағдарлама өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау ерекшеліктерін қоса алғанда ұлттық патенттік реттеудің негізгі аспектілерін қамтиды.
Семинардың негізгі тақырыптары:
- Өнертабыстарды, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың құқықтық аспектілері;
- Патенттік іздеуге арналған халықаралық және ұлттық дерекқорлар;
- Патенттік зерттеулердің әдістемесі және құжаттамасы;
- Кәсіби патенттік дерекқорларды пайдалана отырып, кейс шешуге арналған практикалық сессия.
Күні: 2025 жылғы 28 мамыр
Уақыты: 9:30 – 17:00
Орны: Алматы қ., Зенков к-сі, 47
Оқыту форматы-гибридті (онлайн/офлайн)
Мақсатты аудитория:
Зерттеушілер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, инженерлер, заңгерлер, кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, техникалық және заңгерлік бағыттардың студенттері.
Семинарға тіркелу алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады.
Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуіңізді өтінеміз:
https://forms.yandex.ru/u/68119e9ceb6146cfce95de06/
Семинарға қатысу құны - 23000 теңге (ҚҚС-пен)
Теңгемен төлеу үшін банктік деректемелер:
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
БСН 020940003199
1) "Нурбанк"АҚ ИИК KZ8584905KZ006015415 БИК NURSKZKX КБЕ 16 КНП 859
2) "Халық Банкі" АҚ Астана өңірлік филиалы ИИК KZ366017111000000792 БИК HSBKKZKX КБЕ 16 КНП 859
Қосымша ақпарат алу үшін байланысатын тұлғаға хабарласуыңызды сұраймыз: Әжімхан Гүлназ, + 77027843999, +77172621530 телефондары немесе g.azhimkhan@kazpatent.kz электрондық поштасы арқылы.