National Institute of Intellectual Property
Сіздерге халықаралық өтінім беру үшін төленетін халықаралық төлемнің және 30 беттен асатын әр беті үшін төленетін қосымша төлемнің АҚШ долларындағы (USD) жаңа балама сомасы туралы хабарлаймыз.
Төлемдердің АҚШ долларындағы (USD) жаңа балама сомасы 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап келесідей бекітіледі:
Төлем атауы |
Қажетті сома |
Халықаралық өтінім беру үшін төленетін халықаралық төлем |
- 1 456 USD |
30 беттен асатын әр беті үшін төленетін қосымша төлем |
- 16 USD |
Өтінім беруші жеке тұлғалар жоғарыда көрсетілген алымдарды төлеу кезінде белгілі бір шарттар орындалған жағдайда 90% жеңілдік алу құқығына ие. Жеңілдікті ұсыну шарттары туралы толық ақпаратты Qazpatent-тен немесе ДЗМҰ-ның https://www.wipo.int сайты арқылы алуға болады.