Announcements

National Institute of Intellectual Property

2024 жылдың 22 мамыры мен 27 маусым аралығында Qazpatent сарапшыларының қатысуымен көшпелі іс-шаралар өтеді

27 June, 2024

2024 жылдың 22 мамыры мен 27 маусым аралығында Qazpatent ұйымының тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің жетекші сарапшылары көшпелі оқыту іс-шараларын өткізеді. Аталған іс-шара барысында қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу және бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпарат беріледі, сондай-ақ өтініш беру және Qazpatent жеке кабинетінде жұмыс істеу бойынша практикалық көмек көрсетіледі.
Оқыту семинарларының тақырыптары: «Бизнестегі тауар белгісінің рөлі», «Шет елде тауар белгісін қорғау», «Тауар белгілеріне өтінім беруде қойылатын талаптар», «Географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау және олардың өңірлік брендтерді дамытудағы рөлі», «Өнеркәсіптік үлгі бизнестің ажырамас бөлігі ретінде», «Өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың Еуразиялық өңірлік жүйесі».