News

National Institute of Intellectual Property

slide

QAZPATENT САРАПШЫЛАРЫ ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫМЕН БІРЛЕСІП ОҚЫТУ ІС ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗДІ

22 May, 2024

2024 жылы 22 мамырда Қарағанды және 23 мамырда Ұлытау облыстарында тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің бас сарапшылары Майя Шәріпова мен Әлия Махметова Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумақтық әділет органдарымен бірлесіп, Атамекен ҰКП базасында оқыту іс-шараларын өткізді. Аталған шара барысында QAZPATENT ұйымының жетекші сарапшылары қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды тіркеу, өнеркәсіптік үлгілер мен бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға өтінім беру және жеке кабинетте жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетілді.