News

National Institute of Intellectual Property

QAZPATENT «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

27 May, 2024

Бүгін Qаzpatent қызметкерлері Астана қаласының Әділет департаментімен бірлесіп, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет органдарының ашық есік күні» акциясын өткізді.

Аталған акцияға Qаzpatent өкілдері, Астана қаласы бойынша атқарушы округінің өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының, Астана қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ өкілдері, заң кеңесшілері, сондай-ақ Астана қаласы нотариустары мен адвокаттары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты елорда азаматтарымен қонақтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Авторлық құқық басқармасының аға сарапшысы - Нұрахметова Әлия;

Тауар таңбалары, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының аға сарапшысы – Ильясова Арайлым;

 Халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасының аға сарапшысы – Жахин Эльдар;

Химия, биология және медицина саласындағы патенттік сараптама басқармасының аға сарапшысы – Сейтказинова Нұргүл зияткершілік меншік құқықтарын қорғау, өтініштер беру және құқықтық мәселелер саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіріп, келіп түскен барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, құқықтық көмек көрсетті.

«Өткізілген іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды» - деп атап өтті ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК комплаенс офицер және әдеп жөніндегі инспектор Индира Байтасова.