Events

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide

Қазпатентте "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беру және "Шапағат" өнертабыс саласындағы республикалық конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның отырыстары өтті

27 October, 2023

2023 жылғы 24 және 27 қазанда «ҰЗМИ» РМК -да «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру және Өнертабыс саласындағы республикалық «Шапағат» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызының төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, «DARА» Президент бастамалар қоры, Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және осы министрлікке қарасты академик Батпенова Н.Д. атындағы ҰҒТОО; «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, ҚР «Атамекен» ҰКП; «QazInnovations» Инновациялық даму ұлттық агенттігі» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен байқау комиссияның отырысы өтті.

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы" атағын беруге қатысу үшін барлығы 21 өтініш түсті және "Шапағат" өнертабыс саласындағы республикалық байқауына қатысуға: "Жыл өнертабысы" номинациясы бойынша 26 өтінім, "Әйел өнертапқыш" – 11 өтінім, "Жас өнертапқыш" – 14 өтінім, "Үздік инновациялық компания" - 6 өтінім және "Жас талап "номинациясы бойынша 47 өтінім келіп түсті. Барлығы түскені 125 өтінім.

Қорытындылар 2023 жылдың 31 қазанында уәкілетті органның, Қазпатенттің интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылдың 24 қарашасында өтеді. Өткізу орны мен уақыты қосымша жарияланады.
Байқаудың бас демеушілері:

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекшжетекші әртараптандырылған компания. ERG Қазақстан Республикасынның тау-кен металлургия кешенің үштен бірін, сондай-ақ Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілерінің бірі және ірі темір жол операторын алады.

• BI Group -құрылыс, девелопмент және инжиниринг технологияларына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуге бағытталған перспективалы бағдарламалары бар әртараптандырылған холдинг болып табылады.


Байқаудың ресми демеушілері:

• «Қазақмыс» Тобы - негізгі активтері кен өндіру саласы мен түсті металлургияда шоғырланған сатылас ықпалдастырылған холдинг.

• "Тагбергенова мен серіктестер "зияткерлік меншік агенттігі"ЖШС