National Institute of Intellectual Property
2023 жылғы 23 маусымда Qazpatent өкілдері Астана қаласының Әділет департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Әділет кеңес береді» республикалық акциясына қатысты. Іс-шара Астана қаласы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында өтті.
Іс-шараның мақсаты-азаматтар мен заңды тұлғаларға әділет органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңнама шеңберінде консультациялар мен түсініктемелер беру.
Акцияға әділет органдарының қызметтері саласындағы білікті мамандар, Астана қаласы бойынша атқарушы округтің өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері, заң консультанттары, сондай-ақ Астана қаласының адвокаттары мен нотариустары қатысты.
Авторлық құқық басқармасының басшысы Раушан Аввалова мен Тауар таңбалары, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының басшысы Алтынай Тайшева және Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының бас сарапшысы Олжас Жұбанов зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, өтінімдер мен құқықтық мәселелерді беру мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетті, келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берді және заң көмегін көрсетті.