News

National Institute of Intellectual Property

slide

Тбилиси қаласындағы географиялық нұсқамалар бойынша Халықаралық симпозиум

15 June, 2023

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Грузияның Ұлттық зияткерлік меншік орталығымен (САКПАТЕНТИ) бірлесіп ұйымдастырған географиялық нұсқамалар бойынша Халықаралық симпозиум 2023 жылы 14 маусымда Грузияның Тбилиси қаласында басталды. 

Екі күндік симпозиум 16 маусымға дейін жалғасады. Панельдік сессияларға Түркия, Италия, Франция, Швейцария, АҚШ, Қытай, Үндістан, Камерун сияқты 62 елден 300-ден астам өкіл қатысады. Симпозиум жұмысына Qazpatent директорының орынбасары Артыкова Айдын "Қазақстан Республикасындағы географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау" баяндамасымен қатысты, онда панельдік сессия шеңберінде "Алматы апорт", перспективалы ГК бойынша жобаны ілгерілетуге қатысты бірлескен жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.  Симпозиум ДЗМҰ Бас директоры Дарен Тангтың құттықтау сөзінен басталды.  Панельдік сессия жұмысына ДЗМҰ Лиссабонды тіркеу департаментінің директоры Александра Грациоли, сондай-ақ Грузия АЖ жөніндегі ұлттық орталықтың (SAKPATENTI), Еуропалық комиссияның (CROW), EUIPO, Қытай патенттік ведомствосының (CNIPA) өкілдері қатысты. Қатысушылар Ауыл шаруашылығы өнімдерін ГК ретінде, оның ішінде қолөнер бұйымдары үшін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуде пікірлерімен және тәжірибемен алмасты.

Географиялық нұсқамамен және шыққан жерінің атауымен қорғалған өнімді сақтау және жылжыту тек белгілі бір аймақтың ғана емес, сонымен бірге ұлттық экономиканың дамуына серпін береді.