National Institute of Intellectual Property
А.ж. 27-28 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Алматы қаласында «Өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Семинардың жұмысына аумақтық әділет органдарының қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар құқық иелері мен патенттік сенім өкілдері қатысады.
Семинардың мақсаты – тауар таңбаларына құқықтарды тіркеу, өнертабыстарды және басқа да өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу, Кедендік одақ шеңберінде ретроспективтік тауар таңбаларын пайдалану мәселелері, сондай-ақ, қазақ халқының мәдени мұралары болып табылатын дәстүрлі білімдерді (домбыра, астау, бесік, қазы-қарта, жал-жая, шұбат, қымыз және т.б.) құқықтық қорғау мәселелерін талқылау.
Өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.
тел: 8 (7172) 74-06-64, 74-06-67
эл. адрес: toleukhanova.a@minjust.kz