National Institute of Intellectual Property
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның (бұдан кейін - Заң) 12 бабы 5 тармағына және ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 04.10.2013 жылғы шешіміне сәйкес сараптамалық ұйыммен 01.12.2013 жылға дейін тауар таңбаларына өтінімдер бойынша өтінім берушілерге (төменде көрсетілген тізімге сәйкес) хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде келесі төлемдерді растайтын құжаттарды жеткізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады:
- тауар таңбасына куәлік беруге мемлекеттік баж;
- тауар таңбасына куәлік беруге құжаттарды дайындау үшін сараптамалық ұйым қызметіне төлем.
Заңның 12 бабы 5 тармағына сәйкес тауар таңбасына куәлік беруге мемлекеттік баж төлемі туралы және тауар таңбасына куәлік беруге құжаттарды дайындау үшін сараптамалық ұйым қызметіне төлем туралы құжаттар бекітілген ретте уақыты өтінім берушімен жеткізілмеген жағдайда, тауар таңбасын тіркеу жүзеге асырылмайды, ал тауар таңбасына сәйкес өтінім кері қайтарылған болып табылады және ол бойынша іс жүргізу тоқтатылатын болады.