News

National Institute of Intellectual Property

G-global коммуникативтік алаңындағы зияткерлік меншік мәселелері бойынша 2013 жылдың 12-13 желтоқсанындағы онлайн бейнеконференциялардың қорытындысы

19 December, 2013

2013 жылғы 12-13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті(әрі қарай – Комитет) зияткерлік меншік мәселелері бойынша «КО және БЭК аумағындағы зияткерлік меншік саласындағы халықаралық қатынастар», «Зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғаудың халықаралық қатынастарды нығайтуға әсері» және «Зияткерлік меншік объектілерін халықаралық құқықтық қорғау» тақырыптарына онлайн бейнеконференциялар өткізді.

Онлайн бейнеконференциялардың жұмысына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының (Ішкі істер, ауыл шаруашылық министрліктерінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің), «ҚазАгроИнновация» АҚ, сондай-ақ Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің және Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясының өкілдері қатысты.

Аталған іс-шаралардың мақсаты үкімет, бизнес, ғылым, құқық иелері, авторлар және әлеумет өкілдерінің котрафактілік өнімдермен күрес, зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау және тауарлар мен қызмет көрсетулердің өркениетті нарығын қалыптастыру саласындағы сындарлы диалогын орнықтыру.

Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі Нормативтік-құқықтық департаменті директорының орынбасары К.В. Мирясова мен Комитет төрағасының орынбасары Ш.Т. ӘбдірееваныңКедендік Одақ шеңберіндегі Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде бірыңғай басқару туралы келісімнің жобасы бойынша ашық мәселелері мен ұстанымдары қатысушылардың асқан қызығушылығын тудырды.

Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясының ректоры И.А. БлизнецТМД қатысушы-елдердің Бірыңғай зияткерлік меншік объектілерінің тізілімін құру мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізді. Сондай-ақ, ол Кедендік Одақтың құрылуына байланысты аталған тізілімді әзірлеу айтарлықтай ілгерілейтіндігін атап өтті.

«Зияткерлік меншік объектілерін халықаралық құқықтық қорғау» тақырыбында бейнеконференция жұмысынКомитеттің бас сарапшысы Төлеуханова А.С.ашты. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК сарапшылық басқармаларының басшылары бейнеконференцияға қатысушыларға зияткерлік меншік объектілерін халықаралық құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметі туралы, атап айтқанда тауар таңбалары мен шетелдердегі өнертабыстарды патенттеу мәселелері жөнінде ақпарат берді.