National Institute of Intellectual Property
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК бірлесіп а.ж. 29-30 сәуірінде Алматы қ. «Өнеркәсіптік меншік саласында дамуы және бәсекелесу қабілеті» тақырыбына республикалық семинар ұйымдастырылды.
Семинардың жұмысы үш блокты және келесі бағыттарды қамтиды:
- зияткерлік меншік объекттеріне құқықтарды қорғау;
- зияткерлік меншік объекттеріне құқықтарды тиімді пайдалану;
- зияткерлік меншік объекттеріне құқықтар қорғау механизмдері.
Семинардың бірінші блогы зияткерлік меншік объекттеріне қорғау құжаттарды тіркеу және алу мәселелеріне, соның ішінде Қазақстан Республикасының, Беларусьтың, Ресей Федерациясының интеграциялық
процесстері шеңберінде қорғау құжаттарды тіркеу және алу мәселелеріне, бизнестың инновациялық қызметін бастау, бизнес стратегиясын қата бағалау мәселелеріне бағытталған.
Семинардың екінші блогы Қазақстан Республикасының қорғаудағы өнеркәсіптік меншік объекттерін пайдалану мәселелеріне бағытталған, экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша өнертабыстарды және патенттерді тіркеу рәсімін жеңілдету бойынша қабылданатын шараларға, паралельды импорт мәселелеріне және ретроспективалық тауар таңбаларды пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттік қызметттерді көрсету мәселелеріне, соның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде беруге үлкен назар аударылған. «Өнертабысқа патент беру» электрондық мемлекеттік қызметін көрсету кезең-кезеңмен презентациясы жүргізілді.
Бүгінгі күні семинардың жұмысы жалғастырылып жатыр, зияткерлік меншік бойынша дауларды сотқа дейінгі мәселелері, Қазақстан Республикасында контрафакты бұлтартпаудың тиімді тәсілдері, зияткерлік меншік объекттеріне құқықтар қорғау бойынша кеден органдарымен қабылданатын шаралары, Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күресу департаментімен қабылданатын шаралары, сонымен қатар зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланады.
Лекторлар: Комитет төрағасының орынбасары Б. Әліғожин, «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері, Қазақстанның зияткерлік меншік иелерінің Қауымдастығының президенті, физика-математикалық ғылым кандидаты, ақпараттандырудың халықаралық академиясының академигі Б.С. Құрманғали, «Ақпараттық технологиялардың паркі. Арнайы экономикалық аумақтың басқару компаниясы» АҚ АЭА АТП Жылжыту бойынша департаментінің директоры Е.С. Кондыбаев, Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкілі М.М. Тагбергенова сөз сөйледі, Алматы қ. бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыстықпен күресу департаментінің (Қаржы полициясы) аға лейтенанты А. Қыпшақпаев, Алматы қ. Кеден бақылау департаментінің жетекші маманы К.Т. Секербеков, Алматы қ. Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша бөлімінің басшысы Е. Баймолдин.
Семинарға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік емес ұйымдарының, орта және шағын бизнестің, Жоғары оқу орындарының өкілдері, патенттік сенім білдіріліген өкілдері қатысты.