News

National Institute of Intellectual Property

«Тауар таңбаларын қорғаудың тетіктерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел

26 November, 2015

2015 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Тауар таңбаларын қорғаудың тетіктерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына Германияның, Ресейдің, Францияның және Жапонияның сарапшылары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың, Шетелдік инвесторлар кеңесінің, ғылыми және оқу орындарының өкілдері және Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты – тауар таңбаларын қорғау тетіктерін жетілдіру бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстел қатысушылары Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы ұлттық заңнамасында көрініс табатын тауар таңбаларын қорғауға қатысты аталған елдердің құқық пайдалану тәжірибесін ұсынды.