Халықаралық зияткерлік меншік күні қарсаңында 2016 жылдың 18сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (бұдан әрі – «ҰЗМИ» РМК) Алматы қ. филиалында "Ашық есік күнін" өткізу жоспарлануда.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды "Ашық есік күніне" шақырамыз.
Шарада «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. басқарма басшылары сөз сөйлейді, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша тегін консультациялар берілетін болады.
Шараның өтетін орны: 050002, Алматы қ., Ришат және Мүслим Абдуллиндер көшесі 6/1 (Жібек Жолы көш. қиылысы), «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы.