Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің және С. Сейфуллин атындағы Казақ аграрлық-техникалық университетінің студенттері қатысты.
Болашақ инженерлер мен өнертапқыштар – студент жастардың зияткерлік меншік саласындағы білім деңгейін арттыру іс-шараның мақсаты болып табылады.
ҰЗМИ РМК директорының орынбасары К.О. Батаева институттың қызметіне шолу жасады.
Сондай-ақ, студенттер үшін ҰЗМИ «РМК» бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студент жастар сараптама жасау басқармаларына барып, олардың қызметімен танысты. Басқарма бастықтары тауар таңбаларын тіркеу, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге патент алу үшін өтінім беру және қарау тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, «Ашық есік күніне» келгендер ҰЗМИ «РМК» ақпараттық ресурстарымен және электрондық түрде өтінім беру тәртібімен танысты.
Мамандар студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.