2016 жылдың 30 мамырында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалнының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, пайдалану. Шетелдік патенттеу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинарды дәстүрлі түрде «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының директоры З.О. Орынбекова ашып, қатысушыларға филиалдың құрылымы мен қызметі жайында айтып берді. Сонымен қатар, семинар барысында алынған ақпарат пайдалы болып, нәтижесінде тыңдаушылар ҚР қорғау құжаттарын алуға өтінім түрінде беретіндігіне үміт етті.
Бекітілген семинар бағдарламасына сәйкес басқарма басшылары мен бас сарапшылары келесідей дәрістер оқыды: Л.Г. Джаманшлова: «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының территориясында заңды күші бар халықаралық конвенциялар (шарттар, келісімдер) мен ҚР заңнамалық актілері», Ә.А. Әбділданова: «Қазақстан Республикасында өнертапқыштықты ынталандыру. (Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» Республикалық байқауы жайында), «Шетелдік патенттеу», Г.У. Жакитова: «ҚР Патенттік заңындағы өзгерістерге сәйкес өнертабыстар мен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде», Ж.Е. Омарбекова: «Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары. Тауар таңбалары мен тауарлар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау», Т.В. Горбунова: «Өнеркәсіптік үлгі туралы түсінік. Өнеркәсіптік үлгілер ретінде құқықтық қорғалмайтын объектілер. Өнеркәсіптік үлгіге патент алуға өтінімді беру тәртібі. Кескіндерге қойылатын талаптар. Өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасына қойылатын талаптар. Өтінімнің басқа да материалдары. Өнеркәсіптік үлгіге патент алуға өтінім беру және оған сараптама жасау рәсімі», В.П. Федурин: «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану. Құқықтарды берудің негізгі түрлері».
Тыңдаушылар арасында «Рахат» АҚ, «Шин Лайн» ЖШС, «Меншік құқығын қорғау одағы» ҚБ, «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына» АҚ, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК, «Legalmах Central Asia» ЖШС, сондай-ақ Алматы қ. ЖОО: «Қазақ-Ресей медициналық университеті», «Алматы энергетика және байланыс институты», «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ өкілдері болды.
Семинар қатысушылары тыңдалған дәрістерге қызығушылықтарын білідіріп, сұрақтар қойып, лекторлардан жауап алды.
Семинар аяқталған соң тыңдаушылар лекторларға өз ризышылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да ынтымақтастыққа ниет білдірді.