News

National Institute of Intellectual Property

slide

2016 жылғы 27 қазанда Ақтөбе қ. өнеркәсіптік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері бойынша семинар өтті

27 October, 2016
Үстіміздегі жылдың 27 қазанында Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің алаңында, Әділет департаменті, Атырау қаласы «ҰЗМИ» РМК филиалының ұйымдастыруымен және облыстық «Атамекен» КП қолдауымен, өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинардың жұмысына әділет департаменті өкілдері, «Атамекен» КП, ЖОО, ірі, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.
Семинарды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің "Заң пәндері" кафедрасының аға оқытушысы - модератор Абуов Амандық Абуович ашты.
«ҰЗМИ» РМК тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына сараптама жасау басқармасының бастығы Шакуанова Асель Елубаевна (тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінім беру және тіркеу рәсімі), «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар және пайдалы модельдерді сараптау басқармасының бас сарапшысы Батырбекова Алтынай Бақбергеновна (өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтінім беру және тіркеу рәсімі) өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау мәселелері бойынша баяндамалар жасады.
Семинарға қатысушылар өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу және құқықтық қорғау, электрондық өтінімге қатысты кешенді түсіндіріліп мамандандырылған жауап қайтарылды. Сонымен қатар, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтінім беру және патент алу, тауар таңбасын тіркеу процедурасына қатысты ақпараттық материалдар таратылды.
Сонымен қатар, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығында, жас өспірімдердің өнертабыс бағытындағы шығармашылығын, зерттеу және авторлық бастамаларын дамытуды қолдау мақстаында дөңгелек үстел өтті.