News

National Institute of Intellectual Property

«ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы семинар өткізді.

16 November, 2016
2016 жылдың 11 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және зияткерлік меншік объектілріне электронды түрде берілген өтінімдер үлесін арттыру бойынша жоспарды орындау мақсатында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері. Зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына «Ғарыш-Экология» ҒЗИ-і қызметкерлері мен «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының мамандары қатысты.
Семинарда Өнертабыстар бойынша патентттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Оқу орталығының бас сарапшысы Б.О. Назаров «ЗМО өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Семинар қатысушылары өнеркәсіптік меншік объектілкрін тіркеу мен құқықтық қорғау, мемлекеттік тіркеуге жатпайтын объектілер жөнінде, сонымен қатар, электронды өтінім беру, өтінімге штрих-код берілу турасында көптеген сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының мамандары білікті жауап берді.