News

National Institute of Intellectual Property

slide

«ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы көшпелі семинар өткізді

30 November, 2016
2016 жылдың 24 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалының Оқу орталығы Ақпараттық және есептеу технологиялар институтында «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері»; «Шапағат» байқауы туралы»; «Зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыбында көшпелі оқыту семинары аталған Институт қызметкерлерлерінің қатысуымен өтті.
Семинарда Өнертабыстар бойынша патентттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы В.П. Федурин «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілері», Оқу орталығының бас сарапшылары Ж.А. Серікбаева «ҚР өнертапқыштық пен инновацияны ынталандыру» және Б.О. Назаров «Зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Семинар қатысушылары өз белсенділіктерін көрсетіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу, атап айтқанда өнертабысқа берілген объектілерді тіркеу және өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды беруге қатысты сұрақтар қойды.
Шара соңында Ақпараттық және есептеу технологиялар институты бас директорының орынбасары Өркен Жұмажанұлы Мамырбеков ұйымдастырушыларға зияткерлік меншік мәселелері бойынша берген құқықтық түсіндірмелері үшін алғыс айтып, жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.