News

National Institute of Intellectual Property

2018 жылдың 27 ақпанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы семинар өткізді

02 March, 2018

2018 жылдың 27 ақпанында Алматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Дараландыру құралдары: тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлер атаулары мен өнеркәсіптік үлгілер. Авторлық құқық негіздері»тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, "Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантинҒЗИ» ЖШС-ң, Human Development Group АҚ, «Рахат» АҚ, Балалар әбебиеті ЖШС, «Болотов и Партнеры» ЖШС, «КазСвязьКомплект»ЖШС, «Alan’s Invest Company»ЖШС, «TITANIUM PROFESSIONALS»ЖШС, ОО «Биола»медициналық фармацевтикалық компаниясы ҚБ, «КазНИВИ» ЖШС, «NPV» (НПВ)ЖШС, «Компания Фудмастер-Трэйд»ЖШС, «Масло-Дел»ЖШС, «Юридическая фирма SIGNUM»ЖШС, «Беккер и К»ЖШС, «Немецкий двор»ЖШС, «Казтрак Моторс»ЖШС, «Empire» комниясының өкілдері қатысты.

Семинар бағдарламасына сәйкес «ҰЗМИ» филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің басшысы - Ж.Е. Омарбекова мен бас сарапшысы – Т.В. Горбунова, Оқу орталығының бас маманы – Б.О. Назаров, сонымен қатар "KazFranch" Қазақстан франчайзинг қауымдастығының Вице-президенті Адема Досжанова дәріс оқып, жалпы «ҚР-ғы франзингинг жүйесінің дамуы туралы» айтып берді.

Семинарда келесідей өнеркәсіптік меншік мәселелері қарастырылды:

- тауар таңбасын тіркеу рәсімі, тауар таңбасы тіркелмейтін абсолюттік негіздер;

- өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік талаптары және әрекет ету мерзімдері;

- тауар шығарылған жерлер атаулары ретінде тіркелетін белгілер;

- сараптама жүргізу, тауар шығарылған жер атауының заңды әрекет ету мерзімі;

- авторлық құқық негіздері.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу, қорғау мен сақтауға қатысты көптеген сұрақтар қойылды.