National Institute of Intellectual Property
2018 жылдың 29наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды берудің негізгі түрлері. Құқықтарды беру мен лицензиялық шарттар» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Аталған семинардың мақсаты – зияткерлік меншік объектілерін беру, бағалау және пайдалану бойынша құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Шараға лектор ретінде Алматы қ. бойынша Кедендік бақылау департаментінің өкілі, «NPV» ЖШС-ң бағалаушысы шақырылып отыр. Бұдан бөлек, «ҰЗМИ» филиалының сарапшысы дәріс оқитын болады.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:
- зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды берудің негізгі түрлері;
- басқаға беру шарты мен өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды уақытша беру (лицензиялық щарттар);
- құқық беру шарты мен лицензиялық шартты тіркеу рәсімдері;
- уәкілетті органнның шартты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешімі;
- зияткерлік меншік объектілерінбағалау тәсілдері;
- жарғылық капиталға салынатын салымды анықтау;
- зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша
- кедендік органдар атқаратын іс-шаралар.
Семинардың басталу уақыты: 2018 жыл 29наурыз, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген. Өтінімдер ағымдағы жылдың 27наурызына дейін қабылданады.
Семинарға қатысу тегін.
Қызығушылықтанытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-74-30телефондары бойынша хабарласуға болады.