News

National Institute of Intellectual Property

Казпатент директоры Ербол Оспанов ДЗМҰ бас директоры Дарен Тангпен бейнеконференцияға қатысты

22 June, 2021

Бүгін, 2021 жылғы 22 маусымда Казпатент директоры Ербол Оспанов ДЗМҰ Бас директоры Дарен Тангтың шақыруымен Зияткерлік меншік ведомстволарының басқа да басшыларымен бейнеконференцияға қатысты.
Онлайн кездесу барысында Дарен Танг ДЗМҰ-ның 2022-2026 жылдарға арналған жаңа орта мерзімді стратегиялық жоспары және ұйымның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы мен бюджеті туралы айтып берді.