News

National Institute of Intellectual Property

Казпатент өкілдері Фармреестрдің прототипін көрсетуге қатысты

01 July, 2021

2021 жылғы 30 маусымда Ресей Федерациясында қазіргі уақытта әзірленіп жатқан өнертабысқа патентпен қорғалатын фармакологиялық белсенділігі бар белсенді заттар тізілімінің прототипі онлайн көрсетілді.

Іс-шараға Казпатенттің қызметкерлері, Еуразиялық экономикалық комиссияның, Ұлттық патенттік ведомстволардың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны Зияткерлік меншік жөніндегі федералдық қызмет (Роспатент) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 наурызда өткізілген отырысының нәтижелеріне сәйкес ұйымдастырды.