News

National Institute of Intellectual Property

ШОБ өкілдеріне арналған вебинар өтті

20 September, 2021

2021 жылғы 22 қыркүйекте ШОБ өкілдеріне арналған«Өңірлік бренд жергілікті өнімді жылжыту құралы ретінде»тақырыбында вебинар өтті.

Осы іс-шараларды өткізудің мақсатыШОК-ты тауарлардың шығарылған жерінің атауы (ТШЖА) сияқты зияткерлік меншік объектісімен және ТШЖА-ны тіркеу рәсімінің кейбір аспектілерімен таныстыру болып табылады.

Вебинарға Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе және Алматы облыстарының әкімдіктері мен кәсіпкерлері қатысты.

ТШЖА жергілікті өнімді жылжытуда, сондай-ақ өңірдің, тіпті жекелеген елдердің экономикалық әлеуетін арттыруда, туристік саланы, гастрономиялық туризмді дамытуда ерекше құралдар болып табылады, бұл кейіннен осы елдердің экономикасына жағымды әсер етеді.

Вебинар барысында КАЗПАТЕНТ сарапшылары өтінім беру және ТШЖА-ны Қазақстан Республикасында тіркеу рәсімі туралы ақпарат берді. Алматы облысының әкімдігі«Талгарка»алмұрт сорты, Ақсу қант, Түрген шарабы сияқты ТШЖА тіркеу үшін мысалдар ұсынды.

Вебинар қорытындысы бойынша ТШЖА тіркеуге өтінім беру бойынша бірлескен жұмыс туралы келісім қабылданды.
  • ТШЖА тіркеудің бірқатар артықшылықтары бар.Ең маңыздыларының бірі тауар шығарылған жердің бұрын тіркелген атауына айрықша құқық беруді қосымша тіркеу мүмкіндігі болып табылады.Егер ТШЖА тіркеліп қойған болса, оған айрықша құқық алғысы келетін өндіруші Қазпатентке жүгіне алады.Тауарды немесе қызметті ТШЖА талаптарына ойдағыдай тексергеннен кейін тіркеу туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және ресми бюллетеньде жарияланады.