News

National Institute of Intellectual Property

Өтінім берушілердің/құқық иеленушілердің, патенттік сенім білдірілген өкілдердің және барлық мүдделі тұлғалардың назарына!

12 October, 2021
12 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00-ден 15.30-ға дейін PCT жүйесі: PCT жүйесіне қатысты ДЗМҰ сайтының функционалын жанды көрсету вебинары өткізіледі.
Вебинар барысында Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес РСТ – патенттеу жүйесінің көмегімен қорғауға болатын өнертабыстарға қатысты ДЗМҰ сайтының мүмкіндіктерін жанды түрде көрсету ұсынылады.
РСТ жүйесі бойынша нормативтік құжаттарды, РСТ жүйесіне кіретін елдердің тізімін, түрлі нысандар мен баждар туралы мәліметтерді қайдан табуға болатындығы көрсетіледі, сондай-ақ өнертабыстар бөлігінде ДЗМҰ ЗМ порталының жұмысы көрсетіледі.
Вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Аталған вебинар қорытындысы бойынша қатысу туралы сертификат алу мүмкіндігі беріледі, ол үшін тіркеу кезінде сіздің атыңыз бен тегіңізді латын әріптерімен жазу қажет.

https://mailchi.mp/wipo/pct-system-live-demonstration-of-the-functionali...