2021 жыл. 23 қарашада Казпатент сарапшылары "Өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге өтінім беру рәсімі" тақырыбында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған вебинар өткізді.
Тыңдаушыларды тауар белгілеріне, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге, селекциялық жетістіктер мен ұлттық рәсім, ЕАПК шеңберіндегі өнертабыстарға өтінімдерді, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес халықаралық өтінімдерді ресімдеу және беру туралы мәліметтер ерекше қызықтырды.
Сарапшылар сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу және өнеркәсіптік меншік объектілері мен авторлық құқықты коммерцияландыру шарттарын тіркеу рәсімі бойынша сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, 2021 жыл аралығында ШОК өкілдеріне арналған зияткерлік меншік негіздері бойынша вебинарлар сериясын Казпатенттің "Атамекен" ҰКП-мен ынтымақтастық шеңберінде өткізіледі.