News

National Institute of Intellectual Property

ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметованың Атырау облысының ШОБ өкілімен кездесуі өтті

24 March, 2022

2022 жылдың 24 наурызында Атырау облысының «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметованың шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге арналды.

Кездесу барысында А.Ахметова ҚР Әділет министрлігінің және оның «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Казпатент) ведомстволық бағынысты ұйымының жұмысы туралы айтып берді. Ол Қазақстанға инвестициялар, инновациялар мен заманауи технологияларды тартуға мүмкіндік беретін және шағын және орта бизнестің өсуіне жол ашатын зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

А.Ахметова «Атамекен» өкілдері мен түрлі облыстардың кәсіпкерлік қоғамдастығына тұрақты негізде оқыту іс-шараларын өткізу жөніндегі жұмысқа тоқталды. Осындай вебинарларды Атырау облысының кәсіпкерлеріне де осы жылы өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласын дамыту үшін тағы бір бастама Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) желісін құру туралы баяндалды. ТИҚО – бұл елдердің инновациялық әлеуетін арттыруға жәрдемдесу мақсатында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бастамасымен жасалған халықаралық жоба. Казпатент өкілдері зияткерлік меншік құқығы объектілері және ТИҚО желісін дамыту туралы ақпаратты презентация түрінде ұсынды.