News

National Institute of Intellectual Property

slide
slide
slide
slide
slide
slide

ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Атырау облысы университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті

28 March, 2022

2022 жылдың 25 наурызында Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алаңында Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Атырау облысы университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, «Қазақстан Жазушылар одағы» ҚБ және «Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы» Атырау облыстық филиалдарының өкілдерімен кездуі өтті. Кездесу зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге арналды.

суретте солдан оңға қарай: Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Асулан Кәрімов,ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова,«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті»КЕАҚ ректоры Ыдырысов Саламат

Кездесу барысында Ақерке Ахметова ҚР Әділет министрлігінің және оның «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Казпатент) ведомстволық бағынысты ұйымының жұмысы туралы айтып берді.

Казпатент өкілдері Алтынай Батырбекова мен Инкара Шертышева тыңдаушыларға институт қызметі, зияткерлік меншік объектілерін патенттеудің кейбір мәселелері, жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру қызметі, сондай-ақ Қазақстандағы Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары желісін дамыту перспективалары туралы ақпаратты таныстырып өтті.

Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Алтынай Батырбекованың баяндамасы Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Іңкара Шертышеваның баяндамасы

Ақерке Ахметова еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық және байланысты нығайту мақсатында зияткерлік меншік саласында оқыту іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті. «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-ның вебинарлары осы жылдың 11 және 13 мамырына жоспарланған.

Кездесу барысында зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге қатысты бірқатар сұрақтар қойылды, оларға аудиторияда да, Нұр-сұлтан қаласынан онлайн байланыс арқылы да жауаптар берілді.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) желісін дамыту бойынша жұмыс туралы баяндалды. Айта кету керек, ТИҚО – бұл елдердің инновациялық әлеуетін арттыруға жәрдемдесу мақсатында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бастамасымен жасалған халықаралық жоба.Кездесу қорытындысы бойынша ҚР БҒМ «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ базасында ТИҚО құру туралы келісімге қол қойылды.

Сапар барысында Казпатент өкілдері Атырау облысының Әділет департаментіне барып, зияткерлік меншікті қорғауды насихаттау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы, оның ішінде Қазақстанда ТИҚО желісін дамыту туралы алдағы жоспарларды талқылады.

Казпатент өкілдері Атырау облысы Әділет департаментінде Әділет департаментінің жобалық кеңсесі