News

National Institute of Intellectual Property

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ПАТЕНТТІК УНИВЕРСИАДАСЫ «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС»

28 March, 2022

Еуразиялық патенттік ұйым (ЕАПВ) «Болашаққа көзқарас» Жастар Еуразиялық патенттік Универсиадасының басталғаны туралы жариялады, ол 2022 жылы «Жаса! Изобретай! Таң қал!» ұранымен өтеді.

Қазақстанның жастарын «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік Универсиадасына қатысуға шақырамыз!

Универсиада екі жас санаты бойынша шығармашылық жұмыстар (ғылыми-техникалық шығармашылық нәтижелерін ұсынатын жұмыстар) және шығармашылық жобалар (өнеркәсіптік дизайн саласындағы бірегей шешімдерді ашатын жобалар) конкурсы түрінде өткізіледі:

- I жас санаты – 10 жастан 17 жасқа дейін (қоса алғанда);

- II жас санаты – 18 жастан 25 жасқа дейін (қоса алғанда).

Шығармашылық жұмыс (шығармашылық жоба) орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

Шығармашылық жұмыстардың тақырыптары:

- «Жер біздің ортақ үйіміз: заманауи экологиялық мәселелердің техникалық шешімдері»

- «Денсаулық сақтаудағы өнертабыстар: Денсаулық сақтау және салауатты өмір салты саласындағы шешімдер»

- «Ақылды үйдегі ақылды заттар: тұрмыстағы заманауи технологиялар»

Шығармашылық жобалар тақырыбы:

- «Таныс заттардың жаңа дизайны»

Шығармашылық жұмыстар мен жобаларды 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін электрондық пошта info@eapo.org мекенжайына жіберу қажет.

Универсиада қорытындысы 2022 жылдың 31 мамырына дейін ЕАПО және Казпатент сайтында жарияланатын болады.

Универсиада жүлдегерлері «Болашаққа көқарас» Еуразиялық патенттік ұцымының медалімен, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Универсиада туралы толық ақпарат ЕАПҰ веб порталында: https://www.eapo.org/ru/info/univers2022.html орналасқан.