National Institute of Intellectual Property
Бүгін Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні Казпатент «Жас өнертапқыштың үшінші мектебін» өткізді. Бұл жолы елордалық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жоғары сынып оқушылары мен BINOM School оқушылары тыңдаушылар болды.
Мектеп зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау, сондай-ақ Қазақстан жастары арасында өнертапқыштықты дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Іс-шараны Казпатент директордың м.а. Абзал Естаев құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде Абзал Қуанышбекұлы әріптестер мен қатысушыларды мерекемен құттықтап, биылғы жылы Дүниежүзілік зияткерлік меншік күнінің күн тәртібінде жастар басты орын алатынын, ал 2022 жылы атап өту тақырыбы «ЗМ және Жастар: болашақ үшін инновациялар» екенін атап өтті.
Kazpatentдиректордың м.а.Абзал Естаев |
Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышева балаларды өнертабыстар әлеміне шақырды, Казпатент қызметінің қызықты фактілерімен бөлісті және оқушылардың қатыса алатын конкурстар туралы айтты өтті.
Инкара Шертышева |
Авторлық құқық басқармасының басшысы Раушан Аввалова Қазақстанда зияткерлік меншікке авторлық құқықты тіркеу мүмкіндіктері мен ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқықты қалай тіркеу туралы айтып берді.
Раушан Аввалова |
Өз идеяларын патенттеудегі тәжірибесімен Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің аға сарапшысы Назифа Бақтыбаева бөлісті, ол мектеп оқушысы кезінде «Шапағат – 2012» өнертапқыштар байқауының Жас дарын номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.
Назифа Бактыбаева |
Жас өнертапқыш, «Шапағат – 2021» байқауының жеңімпазы, Нұр-сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 12 сынып оқушысы Рамазан Әзімжан «Тұзды суда жұмыс істейтін қайық» өнертабысымен өз тарихымен бөлісті.
Рамазан Азимжан |
Іс-шара кездесу тақырыбы бойынша интерактивті викторина өткізумен аяқталды, оның нәтижесі бойынша ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтар алды.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға пайдалы және ақпараттық іс-шара үшін алғыстарын білдірді. Кейбір оқушылар ЗМ нысандарын тіркеуге өтінім беру мәселесіне қызығушылық танытып, Contact-center сарапшыларынан қажетті кеңес алғанын атап өту қажет.