News

National Institute of Intellectual Property

slide

Kazpatent Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін оқыту вебинарларын өткізді

28 April, 2022

Сәуірдің 28 Kazpatent Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін оқыту вебинарларын өткізді.

Іс-шара Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған IP Forum шеңберінде өткізілді.

Kazpatent сарапшылары Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясат, Еуразиялық патенттік Конвенция шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді өңірлік қорғау, Патенттік кооперация туралы шарт (PCT) шеңберінде өнертабыстарды халықаралық патенттеу, Еуразиялық патенттік Конвенция (ЕАПК) шеңберінде өнертабыстарды өңірлік патенттеу, Отандық және халықаралық мәліметтер базасы бойынша патенттік ізденістер, IT-шешімдерді патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, зияткерлік меншік объектілерін қорғау, сондай-ақ Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарын дамыту мәселелерін қамтыды.

Вебинарға қатысушыларды патенттеуге жататын объектілер, патентке өтінім беру рәсімдері, өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерцияландыру тәсілдері, зияткерлік меншік объектілерін қорғау тәсілдері туралы мәселелер қызықтырды.