National Institute of Intellectual Property
Сәуірдің 29 Kazpatent Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, сондай-ақ Халықаралық білім беру корпорациясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері үшін оқыту вебинарларын өткізді.
Іс-шара Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге арналған IP Forum шеңберінде өткізілді.
Kazpatent сарапшылары өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу: отандық және халықаралық дерекқорлар бойынша патенттік іздеу, IT-шешімдерді патенттеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселелерін қамтыды.