National Institute of Intellectual Property
2022 жылдың 14 маусымында Жәңгір хан атындағы "Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті" КЕАҚ алаңында ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Батыс Қазақстан облысы университеттерінің оқытушылар құрамымен, "Қазақстан Жазушылар Одағы" және "Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы"ҚБ филиалдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары желісін дамыту мәселелері талқыланды.
Ақерке Ахметова өз сөзінде Қазақстанға инвестициялар, инновациялар мен заманауи технологияларды тартуға мүмкіндік беретін және шағын және орта бизнестің өсуіне жол ашатын зияткерлік меншік құқықтарын қорғау деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Қазпатент өкілдері директор Ербол Оспанов және Қазпатенттің екі негізгі бөлімшелерінің басшылары Алтынай Батырбекова мен Аягүл Абитбекова тыңдаушыларға ведомствоның қызметі, зияткерлік меншік объектілерін патенттеу мәселелері, жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру қызметі, Қазақстанда дараландыру құралдарын құқықтық қорғау туралы, сондай-ақ Қазақстандағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтары (ТИҚО) желісін дамыту перспективалары туралы ақпаратты таныстырды.
Ербол Оспанов ТИҚО - бұл елдердің инновациялық әлеуетін арттыруға жәрдемдесу мақсатында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бастамасымен жасалған халықаралық жоба екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Қазпатент ТИҚО құру туралы он келісім жасасты. Іс-шара барысында БҚО-ның үш жоғары оқу орнымен келісімге қол қойылды:
- Жәңгір хан атындағы "Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті";
- Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Ербол Оспанов және Шамшидин Альжан Смаилович Жәңгір хан атындағы "Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті"- басқармасының төрағасы-ректордың орынбасары – ғылым жөніндегі проректор | Ербол ОспановжәнеБаяхов Алиби Науханович -Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры |
Ербол ОспановжәнеШакешев Бекбулат Темержанович - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің - бірінші және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор |
Сапар барысында Қазпатент өкілдері Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне барып, зияткерлік меншікті қорғауды насихаттау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы, оның ішінде Қазақстанда ТИҚО дамыту туралы жоспарларды талқылады. Кездесуге адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның, сот сараптамалары орталығының және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, Ербол Оспанов биыл шілде айында Қазақстанда алғаш рет өтетін ДЗМҰ жазғы мектебін тыңдаушыларға жариялады.