National Institute of Intellectual Property
24-26 тамызда Qazpatent «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Іс-шара Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған IP Around Me акциясы аясында өткізілді.
Qazpatent сарапшылары Мадрид жүйесі шеңберінде тауар таңбаларын Халықаралық тіркеу, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау, Еуразиялық патенттік конвенция шеңберінде тауар шығарылған жерлердің атауын құқықтық қорғау, өнеркәсіптік үлгілерді өңірлік қорғау, ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі, отандық және халықаралық деректер базасы бойынша патенттік іздестіру, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау алгоритмі бойынша мәселелерін қамтыды.
Болашақта зияткерлік меншік саласындағы басқа да мүдделі тұлғалар үшін осындай оқыту іс-шараларын өткізу жоспарлануда.